Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«EСOBATYS: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР НАВИГАТОРЫ» АЙМАҚТЫҚ ФОРСАЙТ КЕЗДЕСУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ «ЭКОSTEAM ғажайыптары» СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

18.05

«EСOBATYS: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР НАВИГАТОРЫ»
АЙМАҚТЫҚ ФОРСАЙТ КЕЗДЕСУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ
«ЭКОSTEAM ғажайыптары»
СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

 

                  Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 мамыр күні жас ұрпақты қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту, білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген «EСOBATYS: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР НАВИГАТОРЫ» аймақтық форсайт кездесу шеңберінде Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы базасында «ЭКОSTEAM ғажайыптары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының педагогтері қатысты.

Семинар «Өнерлі балақай!» бүлдіршіндердің сазды сәлемдемесімен ашылып, «Жаңа модельге бағытталған жаңа бастамалар» бөбекжай жұмысының таныстыруымен жалғасты. Семинар барысында «Әкенің тәрбиесі – балаға 100 жылдық азық» «Кемеңгер әкелер» клубының жұмысы, «Жер-ортақ үйіміз!», «Жас эколог сақшылары», «STEAM зертханасының ғажайыптары», «Бау-бақша - береке бастауы» танымдық кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттері, «Кішкентай зерттеушілер» жобасы аясында зерттеу жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, «Робототехника әлемінде», «Жануарлар әлемінде», «EСO Package – шығармашылыққа жаңа көзқарас», «Кәсіби өсу мектебі», «Балабақшада инновациялық-экологиялық жоба», «Маленький Эко-герой нашего большого города» жобалары аясында шеберлік-сыныптары, «Метеоаймақта қызықты бақылау» бақылау жұмысы көрсетіліп, қатысушылар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Практикум соңында «Бөбекжайға 10 жыл» бөбекжай саябағына тал отырғызылып, өткізілген шараға оң баға берілді.

  


 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=654119286536831&id=100058162950831&mibextid=Nif5oz


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры