Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«Халықаралық зерттеулер: Теория. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар өткізілді

15.03

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейі базасында  облыстық, аудандық (қалалық) пән мұғалімдеріне PISA халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындауда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Халықаралық зерттеулер:Теория.Тәжірибе.Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында «Кеңістіктегі векторлар», «Аммиак», «Дүниежүзі халқының миграциясы», «Биотехнология және денсаулық», «Адам қанқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің қызметі және рөлі», «Параллелограммның ауданына есептер шығару», «Иондық байланыс», «Демографиялық көрсеткіштер», «Биотехнология тамақ өндірісінде»,  «Конденсаторларды жалғау. Электр өрісінің энергиясы» тақырыптарында оқу мақсаттарына негізделген PISA тапсырмаларымен  құрылған үздік сабақтар шеруі оздырылды.

Blitzkrieg бөлімінде әдіскерлер «Оқу мақсаттарына сай ерекше мәтіндермен PISA тапсырмасын ұйымдастырудың тәсілдері», «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға сапалы дайындық - нәтиже кепілі», «Функционалдық құзыреттілікті дамыту тренажері», «Креативті ойлауын бағалаудың негізгі тәсілдері» туралы тәжірибе алмасты.

Case алаңында  оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтары бойынша пән мұғалімдері топқа бөлініп, оқушылардың күнделікті өміріне қажетті ақпараттар беретін мәтіндік тапсырмалармен жұмыстанды.

Семинар соңында қатысушы педагогтер Padlet тақтасы арқылы кері байланыс жасап, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Бағдарлама

Айсагалиев А.С.  ҚМЖ МАТЕМАТИКА 8 сынып

Айтжанов Ж.Х. ҚМЖ  ГЕОГРАФИЯ 9 сынып

Ахметова А.Н. ҚМЖ ХИМИЯ 8 сынып

Бекентаева А.Қ. ҚМЖ ҚАЗАҚ ТІЛІ  9 СЫНЫП

Буйрашева И.Ж. Оқушыларының креативті ойлауын бағалаудың негізгі тәсілдері

Дуйсенова А.С. ҚМЖ ФИЗИКА 10 сынып

Дуйсенова А.С. «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту»

Кереева Г. Ч; Утегалиева Д.С. «Халықаралық зерттеулер:Теория.Тәжірибе.Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар

Куатова А.Ж. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ  Оқу сауаттылығы

Курманиязова А.А. ҚМЖ ГЕОГРАФИЯ 8 сынып

Кусаинова Л.С. PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын оқу мақсаттарымен  сәйкестендірудің тиімді жолдары

Құлшариева Б.С. ҚМЖ ҚАЗАҚ ТІЛІ  9 сынып

Нұрым Н.Е. Математикалық  сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар

Шакирова Э.М. ҚМЖ Биология  8сынып


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры