Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында өткізілетін «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі

15.03

Педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында өткізілетін «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі

Педагогтердің дәстүрлі тамыз  конференциясы аясында “Әдістемелік вернисаж” педагогикалық жұмыстар фестивалі  ағымдағы жылдың 13 тамызы күні онлайн тәртібінде ZOOM қосымшасы арқылы өткізілді.

Мақсаты:

Педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру. Әдістемелік жұмыстарды жандандыру, эксперттеу, анықтау және тираждауға ықпал ету.

Фестиваль жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің  әдіскерлері, шағын жинақты мектептер, ресурстық орталықтар және магниттік мектептердің мұғалімдері, білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтері  қатысты. Барлығы - 900 педагог.

«Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалін облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры, әлеуметтік ғылымдар магистрі Г.Кубашева  алғы сөзбен ашты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Алматыкітап  баспасы» Электрондық оқулықтар әзірлеу бөлімінің жетекшісі А.Рысқұлбекова TopIQ.kz автор, мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында интерактивті байланыс пен мультимедиялық оқыту мүмкіндіктерін біріктіретін платформа екендігін және платформаның ата-ана, оқушы үшін тиімділігі туралы баяндады.
Bilim Land компаниясының маманы С.Әліпбекова «BilimKids.kz - мектепке дейінгі білім беру платформасы, мектепке дейінгі білім берудің барлық деңгейіне арналған цифрлы контент ерекшеліктерімен таныстырды. Дамыту материалдарының мазмұны ретінде кітаптар мен ойыншықтарды жарнамалады.
Орал қаласындағы ПШО филиалының әдіскер – менеджері Г.Есмагулова «2022 жылғы реперлік нүктелер: педагог не туралы ойлануы керек?» презентациясымен баяндама жасады.
Математика ғылымдарының магистрі, «Математикалық олимпиада және логика» атты оқу құралының авторы Н.Табысұлы «Мәтін есептерді арифметикалық тәсілмен шешу және жорамалдау тәсілі» тақырыбымен мәтін есептерді күрделі теңдеулер құрып шешуді әлі үйрене қоймаған оқушылар үшін арифметикалық әдіспен шешудің тиімділігі және оған қоса оқушылардың логикалық ойлау деңгейін көтеріп, ақыл-ойын өсіретіні туралы жұмыс тәжірибесінен  айтып берді.

Фестиваль барысында педагогтер әдістемелік әзірлемелер, үздік презентация, педагогикалық қоржын бағыттары бойынша жұмыстанып, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру бағытында тиімді әдіс-тәсілдері мен  ұтымды идеяларын ортаға салды.

Секция жұмысында жаңа оқу жылында білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылданды.

Жұмыс соңында білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденісі үшін педагогтер марапатталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры