Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«Білім берудегі өзгеріс: инновацияға бетбұрыс және әрекет» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық жұмысы

15.03

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 тамыз күні Педагогикалық  қызметкерлердің  облыстық тамыз конференциясы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің кәсіби өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, жаңа  технологиялық идеяларды насихаттау мақсатында «Білім берудегі өзгеріс: инновацияға бетбұрыс және әрекет» тақырыбында секциялық отырысы оздырылды. Шығармашылық алаң формасында өткізілген жұмысқа Педагогикалық шеберлік орталығының тренері мен Нұр-Сұлтан қаласының «Білім-Инновация» лицейінің, Ақтөбе облысының Хромтау гимназиясының, Батыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық ЖОББМ мұғалімдері қатысып, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері, мұғалімдердің ізденіс жұмысы, жаңа заман ұстазына қажетті дағдылар, әдеби шығармаларды оқытып, талдату мен функционалдық оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп,  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар TOPIQ цифрлық оқулықтар платформасы туралы да ақпараттар берілді. Секциялық отырыс соңында кері байланыс жасалып, спикерлерге мұғалімдер тарапынан алғыс айтылды. ZOOM платформасы арқылы 340-қа жуық педагог қатысты. БҚО ББДО-ның YouTube каналында тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры