Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«КӘСІБИ БІЛІМ: МАҚСАТ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.»

15.03

2021 жылдың 11 тамызында облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының техникалық және кәсіптік білім берудегі тиімді жолдарын қарастырып,  оқу үрдісінде жүргізілетін жұмыстарға бағыт алу, кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру және табысты педагогикалық тәжірибе мен жаңашыл идеяларды насихаттап, тәрбие жұмысының сапасын жақсартудың тиімді тәсілдерін табу, үздік педагогтардың жұмысын жүйелендіріп, облыс көлемінде таратылуына әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету жәнетеория мен практиканы ұштастыру, жаңа форматта  оқу процесін ұйымдастырудағы тәжірибелермен бөлісу, әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынасты нығайту, түлектерді жұмыспен қамту жұмыстарының нәтижесіне үлес қосу мақсатында облыстық тамыз кеңесінің пленарлық және секциялық отырыстары  оздырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің отырысына Самара облысының кәсіптік білім беру орталығының директоры О.Ю.Нисман, Атырау қаласының «APEC PETRO TECHNIC» жоғары колледжі директорының академиялық және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары В.Г.Варавина, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева, БҚО кәсіпкерлер палатасының Орал қаласы бойынша «Адами капиталды дамыту» бөлімінің басшысы А.К.Абулкаирова, БҚО білім басқармасы мен білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі секциялық жұмыстармен жалғасты: «Кәсіптік білім: Сапа. Тәжірибе. Технология» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі, ҒжОЖЖ орынбасарлары мен әдіскерлер секциясындаоқу үдерісіне модульдік, кредиттік-модульдік технологияларды енгізу мен жетілдіру бойынша  жұмысты жалғастыру, ТжКБ беру ұйымдарында педагог кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында оқу-әдістемелік жұмыстардың педагогикалық-әдістемелік жобалық жұмыстар негізінде жүргізілуіне алғышарттар жасау, «Үздік педагог», «Үздік портфолио»,«Жас маман»  жобасы аясында инженер-педагогикалық қызметкерлердің іс - тәжірибесін тарату сұрақтарына тоқталды.

«Техникалық және кәсіптік  білім: теория мен практикаға жаңаша көзқарас» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға шеберлер секциясында теория мен практиканы ұштастыру мақсатындаөндіріс базаларында практикадан өтетеін студенттермен қатар арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерін  тағылымдамадан өткізу,  «WorldSkills» чемпионатын өткізу жұмыстарын жалғастыру, басқа аймақтармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып тәжірибе алмасу, кәсіби бағыттар бойынша еңбек нарығында түлектердің еңбекке орналасу тиімділігін арттыру бағытында қаланың жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болу, БҚО Кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп дуалдық оқытуды енгізу жол картасына сәйкес іс-шараларды  жалғастыру мәселелері қаралды.

«Колледждегі тәрбие жұмысының сапасын жақсарту жолдары» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, топ жетекшілері мен әлеуметтік педагогтерінің секциясында жастарды тұлға ретінде қалыптастыруда отбасы мен колледждің өзара әрекеттестігін нығайту жұмыстарын жалғастыру, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың формасын жаңарту, колледждің «Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңесі» жұмысын жандандырып, құқық қорғау органдарымен байланысты нығайту, колледждің өзін-өзі басқару «Жастар ісі жөніндегі комитеті» жұмысын жандандыру, көшбасшыларды дайындауға назар аудару мәселелері талқыланды.

Оздырылған шаралардан соң жаңа 2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру саласында  білім алушыларға заман талабына сай кәсіби мамандыққа оқытудағы теориялық-практикалық тұрғыда берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеруге бағытталған ұсынбалар қабылданды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры