Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«DIGITAL WORKSHOP: педагогтің кәсіби қызметі & заманауи тәсілдер тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

15.03

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 09 тамыз күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің тақырыптық алаңы аясында педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы инновациялық орта қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігін арттыру, цифрландыру, жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру мақсатында «DIGITAL WORKSHOP: педагогтің кәсіби қызметі & заманауи тәсілдер тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Жалпы пленарлық бөлімінде «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»,  «Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беру жүйесін реттеуші заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері»,  «Уақыт талабы және заманауи ұстаз келбеті»,  «Роботтық техника – балалардың техникалық шығармашылығын дамыту құралы» тақырыптары көтерілсе, секциялық отырыстың негізгі бөлімі Digital workshop ретінде ұйымдастырылып, жұмыс бағыттарына байланысты ARTZONE, MUZZONE, TURZONE бөлімдеріне  бөлінді.

Педагогтер ARTZONE бөлімінде «Қылқаламсыз сурет салу технологиясын цифрландыру жүйесі», «Ұлттық құндылық – тәрбие қағидасы» жоба,  «3D» гүл шоқтары, Онлайн қызметтерді қолдана отырып, оқушыларды сабақтан тыс уақытта оқытудағы акт: «Easy Quizzy. Ispring Free Cam», Қосымша білім беруде «Жас конференсье» қалай тәрбиелейміз?

TURZONE бөлімінде «Коучинг мекемедегі инновациялық технология ретінде білім беру», «Киіз үй» жобасы, «Менің кіші - Отаным» аудандық тарихи экспедиция жобасы,  «Қосымша білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет», «Үйірме сабақтарында оқытудың белсенді әдістері»

MUZZONE бөлімінде «Жергілікті сазгерлер әндерін цифрландыру арқылы нотаға түсіру методикасы», «Күйдің ойнау әдіс-тәсілдері», «Этномузыка» жобасы тақырыптарында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.  Кеңес қортындылау барысында педагогтермен онлайн кері байланыс ұйымдастырылып, кеңестің 92,6% педагогтердің сұранысына сай болғандығы анықталды.

Кеңеске аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының жауапты әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері (барлығы 500 адам) қатысты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры