Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Информатика әдістемелік алаңы

15.03

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 тамыз күні  «Білім берудегі өзгеріс: жаңашылдыққа бетбұрыс және    іс-әрекет» атты облыстық тамыз кеңесі аясында  информатика пәні  мұғалімдеріне   кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру,  жаңа технологияны насихаттау мақсатында «Білім берудегі жаңа технология - сапалы білім негізі» тақырыбымен секциялық жұмысы  өтті.

Мектепте ақпараттандыру технологияларын белсенді енгізу, мектептің бірыңғай ақпараттандыру кеңістігін кеңейту мақсатында спикерлер "KIBER PEDAGOG" клубын құруды, әріптестер арасында жаңа ақпараттық бағдарламаларды бір-бірінен үйренудегі жұмыс жүйесін ұйымдастыруды,

Алматы кітап баспасының 3,7,8-сынып информатика оқулықтарының қандай ерекшеліктері, мүмкіндіктері бар, мұғалімдер неге мән беру  керектігі, программалау қалай жүзеге асырылатындығын 3,7,8-сыныпқа арналған оқу әдістемелік кешеннің оқулықтан, әдістемелік нұсқаудан және электрондық диск электрондық платформадан тұратындығы айтылды және Қазақстандық өнім TOPIQ.KZ платформасы сайттан көрсетілді. Онлайн мектептегі білім ұстаз бағыттарына тоқталып, электрондық портфолио, әдістемелік кабинет, мұғалімдер рейтингі, онлайн курстар бағыттары туралы және BilimTutor - репетиторлармен оқуға арналған онлайн білім беру платформасы бойынша  таныстырып, робот техника үйірмесінің жүргізілу барысы, оқытылатын платформалар мен болашақта роботтық техника қай бағытта даму керектігі туралы баяндалды. Сонымен қатар мұғалім  тәжірибесінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы мен  креативті ойлауын  дамытуға бағытталған оқушылардың  өз  бетінше шешім  қабылдауы, ,қоршаған  ортада  туындайтын  проблемаларды  пәндік  білімнің  көмегімен  шешу  қабілеттілігіне тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Секция  қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Барлығы – 300 педагог қатысты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры