Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

"Между нами, девочками..."

28.09

           Мектебімізде 7-11 сынып қыздар арасында  «Между нами, девочками...»  атты әңгіме болып өтті.  Бұл әңгімеде бойжеткендер арасында жүкті болып қалу саны артып келе жатырғаны туралы,  қалай қорғануға болады,  оның жолдары туралы қыздарға ақпарат берілді. Қыздардың жеке гигиенасы, өтпелі кезеңдерде болатын өзгерістер туралы айтылып өтілді.

Мектеп психологы  М.Мендыбекова  «Тән сұлулығы табиғаттан, жан сұлулығы -өзіннең»  атты баяндама оқыды. Баяндаманың мақсаты қызбалаларды тәрбиелеуде үлкен мән, үлкен жауапкершілік бар екенің ұғындыра отырып,  тән сұлулығының тамыры-тазалықта, тәртіпте екенің түсіндірді.

         Мектеп директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары А.Ихсанова қыздарға арналған «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» атты шағын дәрісін оқыды. Қыздарға сұрақтар қойылды, өз ойларын ортаға салды.

Мектеп медбикесі  Р.Кайнушева «Гигиена девочек», «Контрацепция – принципы выбора разного возраста» тақырыбында 7-11 сынып қыздарына арналған дәрісін оқыды.  Қыздарымыз  өздерін қобалжытып жүрген  сұрақтарымен бөлісті.  Медбикеміз өз білген кеңестерін қыз балалардан аямады.

Мектеп психологы М.Мендыбекова  қыздарымызға тренингтер өткізді. Қыздарымыз тренингке белсене қатысты.

Жоғарғы сынып оқушыларына сынып жетекшілері  «Половое воспитание», «Бозбала мен бойжеткен» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Өту барысы: сан сұрақтар, тыйым сөздер және де бозбала мен бойжеткеннің тәрбиесі т.б. мәселелер айтылды.

Оқушыларға әр түрлі жұмыстардың түрлерін қолдана отырып қыз бала тәрбиесі басты назарда екенін ұғындыру. Қыз баланың өз өмірін қор қылмай, өмір жолында өз орнын таба білуге бағыттап, түсіндіру болды.  Осы мақсатта қыздарымызға жұмыстар жүргізілді.

 

 

                 

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры