Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс жұмыстары.

13.05

    5 мамыр күні «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында мектебіміздің 8-9 сыныптарының 10 оқушысынан құралған «Сұңқар» жас полиция тобы «Жас сұңқар - 2016» жас полиция топтарының қалалық жарысына қатысты. Аталмыш жарыста оқушылар алты бөлім бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық «Жас сұңқар - 2016» жас полиция топтарының ІХ жарысында біздің мектеп-гимназия оқушыларынан құралған «Сұңқар» тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар мектептен тыс жұмыс орталығында 11 мамыр күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланымыз ұлы елдің» атты қалалық форумы ұйымдастырылды. Форум соңында мектебіміздің «Үздік ұйым» аталымында 9в-сынып оқушысы Нурмуханова Салтанат жүлделі ІІ орын, «Үздік Ұланбасы» аталымында мектепұланбасы 9в-сынып оқушысы Тусупкалиева Айжан жүлделі ІІ орын, «Үздік үгіт бригада» аталымы бойынша жүлделі ІІ орын, «Үздік тәлімгер» аталымы бойынша мектеп тәлімгері Нұрмахова Жұлдыз Болатқызы І орынмен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте де мектебіміз І орыннан көрінді. Аталған «Жас Ұлан» ұйымына 18 мамыр күні  ІХ толқын оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, мектеп-гимназия директоры Ж.К.Батыров сөз сөйледі. Мектебіміздің «Айтұмар» бишілер тобы қазақ биімен өз өнерлерін көрсетті. Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануға мектебіміздің білімді, өнерлі, түрлі интеллектуалдық байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары таңдап алынып, нәтижесінде бастауыш сыныптан - 31 бүлдіршін, орта буыннан - 33 оқушы қабылданды. Әр оқушыға «Жас Ұлан» ұйымының төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар «Жас Ұланның» гимні шырқалып, «Мен бақытты баламын» әнімен салтанатты жиын қорытындыланды.

 



  










Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры