Меню KDT
logo.jpg?_=1459934040
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

ҰБТ-сапалы білім беру кепілі

12.06

         «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны»-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы дайындалу нәтижесінде мектеп-лицейіміздің түлектері биылғы оқу жылында төмендегідей жетістіктер көрсетті.       
          2015-2016 оқу жылында 11-сыныпты 20 оқушы бітіріп, ҰБТ-ге 100% оқушы қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1-лекте М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында 2-маусым күні өтті. Негізгі пәндер қазақ тілінен орташа көрсеткіші - 21,9, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 1,1 пайызға өсті. Орыс тілінен орташа көрсеткіш - 19,45, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 2,5 пайызға өсті. Қазақстан тарихы пәнінен орташа көрсеткіш - 19,4. Математика пәнінен орташа көрсеткіш - 18,75, былтырғымен салыстырғанда 0,71 пайызға өсті. Таңдау пәндеріне келетін болсақ, дүниежүзі тарихы пәнінің орташа балы-21, физика пәнінің орташа балы-18,38, география пәнінің орташа балы-23, биология пәнінің орташа көрсеткіші -19 балды көрсетті. ҰБТ-ның ең жоғарғы балы - 112. Жүзден жоғары -12 оқушы, тоқсаннан жоғары - 2 оқушы, сексеннен жоғары - 6 оқушы жинақ балын көрсетіп отыр. ҰБТ көрсеткішінің орташа балы мектеп бойынша 98,4 пайыз. Мектеп-лицейді үш жылғы көрсеткіші бойынша салыстыратын болсақ, 2013-2014 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші - 95,90, 2014-2015 оқу жылында  - 95,94, 2015-2016 оқу жылында -98,4 пайызды көрсетіп, қала мектептері арасында үшінші орында тұр.


View the news on the website of institutionBack to the news list

Comments


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры