Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі

03.03

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»
 жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі

         Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі оздырылды.

Байқауға негізгі, жалпы білім беретін мектептер мен лицей-гимназиялардан 17 жас педагог  қатысты. Байқау үш бөлімді қамтыды.

І бөлім:  «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.

ІІ бөлім: «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.

ІІІ бөлім: «Ашық сабақ». Қатысушылар бейтаныс сыныпта сабақ өткізу.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

І орын – А.Окасова,  Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп – лицей – интернатының тарих пәні мұғалімі;

ІІ орын – Д.Кунашев,  Орал қаласы Эстетикалық бағыттағы гимназияның тарих  пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Н.Жұмабаев, Казталов ауданы Қараөзен мектеп – лицейінің физика пәні мұғалімі;

Алғыс хат – Т.Кенжеғалиев, Бөкей ордасы ауданы М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;

Алғыс хат – А.Бақиев, Жаңақала ауданы Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Алғыс хат – Н.Жәнібек, Сырым ауданы Сырым мектеп -лицейінің  математика  пәні мұғалімі;

Алғыс хат – А.Исмагулов, Шыңғырлау ауданы Жаңатұрмыс негізгі орта мектебінің биология  пәні мұғалімі;

Алғыс хат – Г.Мугалимова, Орал қаласы Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған  мектеп – лицей интернатының математика пәні мұғалімі иеленді.

Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

          1,2,3-орын алған жас педагогтер байқаудың Республикалық кезеңіне жолданады.

Барша әріптестерімізді құттықтаймыз!

 



Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Tema

Kratkoe opisanie
12.11.2024
0

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры