Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

“Рухани –адамгершілік, бар білімнің бастауы” тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімдерінің облыстық семинары

27.02

Бүгін мектебімізде “Рухани –адамгершілік, бар білімнің бастауы” тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімдерінің облыстық семинары болып өтті. Бұл семинар мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларынан тани білуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Аталған семинар концерттік бағдарламамен және “Дәл бүгін мен үшін ерекше күн!” атты рефлексивтік тренингпен қорытындыланды. Семинарға қатысқан ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, өз білім қоржындарына іс-тәжірибе жинақтағандарын және өткізілген сабақтардың жүйелі ұйымдастырылып, тренингтердің рухани мәнді екендігін айтып өтті. Ұйымдастырушылар тарапынан әрбір қатысушы мұғалімдерге “Құндылықтар бойтұмары” сыйға берілді.
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының” аға оқытушысы Ш.У.Арыстанова семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп басшылығына және өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, еңбек жолдарына сәттілік тіледі.















Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Tema

Kratkoe opisanie
12.11.2024
0

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры