Бугін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің информатика кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн түрде интеллектуалды сайыс өткізілді.Сайысқа мектебіміздің 11 сынып оқушылары және аталған жоғарғы оқу орнының информатика мамандығы мен Втипо мамандығының 1 курс студенттері катысты. Қазылар алқасы қорытындысы бойынша жүлделі I орынды мектебіміздің, яғни Асан Тайманов атындағы 34 мектеп-гимназиясының оқушылары, II орынды Втипо мамандығы, III орынды информатика мамандығы иеленді.