Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

МАШЫҚКЕРЛЕР ШАРАСЫ

24.02

Мектебімізде кәсіптік педагогикалық сараманнан өтіп жатқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Quest-Info» логикалық – зияткерлік сайысы өткізілді.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеуге атсалысып келе жатқан мектебіміздің мұғалімдері және оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Самал Жәдіргеқызының жетекшілігімен өткен шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдауды, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруды, ұйымшылдыққа тәрбиелеуді мақсат етті.
Сайыс жеті кезеңнен құрылып, әр қатысушы топтар тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындау арқылы мәреге бірінші болып жетуге тырысты. Нәтижесінде жүлделі І орынды – «Динамит» тобы (8 "А" сыныбы), ІІ орынды – «Selfie» тобы (8 "В" сыныбы), III орынды – «Smile» тобы (8 "Б" сыныбы) иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом және алғыс хаттармен марапатталды.













Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Tema

Kratkoe opisanie
12.11.2024
0

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры