«Отбасы - бақыт мекені» мәнерлеп оқу сайысы
12.09.2016Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында мектебімізде төмендегідей шаралар оздырылды:
- Апталықтың ашылуы саптық жиында өтті. «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында даярлық тобының тәрбиеленушілері мектеп алаңында асфальтқа сурет салды.
- «Әрбір бала мемлекеттің қорғауында» тақырыбында мектеплогопеді А.Бисенғалиева және мектеп дефектологі Қ.Зинуллин ДМШ оқушыларының ата-аналарымен семинар-практикум өткізді. Мақсаты: ата-аналарға ағартушылық шаралар өткізу арқылы тәрбие аясындағы білімдерін кеңейту, балалармен үйлесімді қарым-қатынас орнату.
3.«Отбасы – өмірдің мәні» атты 5-6 сыныптар арасында шығармалар байқауы, «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты 3-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайыстары өтті. Нәтижесінде , мәнерлеп оқу сайысынан 3 «в» сыныбынан Мақсот Ақерке жеңімпаз атанды. Мақсаты: отбасы ынтымақтастығын, бірлігін құрметтеу; отбасылық құндылықтарды сақтауды дәріптеу; қазақ халқының салт-дәстүрін, ауыз әдебиетін дамыту.
Community discussions
Обсуждений не найдено