Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ШЕРУІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

10.08

Білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру және шағын жинақты мектеп бөлімінің ұйымдастыруымен өткен педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз конференциясы аясындағы «Жұлдызды сәт» үздік тәжірибелер шеруінің  секциялық жұмысына барлығы 200 педагог қатысты.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің секциялық жұмысында қатысушыларды орталық әдіскерлері Д.Кудашева мен С.Сиражева «Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативті-құқықтық құжаттармен» таныстырды. Орал ҚББ бөлімінің әдіскері Ж.Адиева мен Орал қаласы №7 «Айналайын» бөбекжайының әдіскері Ж.Утегалиева «2022-2023 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген негізгі міндеттері мен бағыттарына, тәрбиелеу мен оқыту ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар «Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асыру» М.Буентаева, Т.Ескалиева (Орал қаласы), «Бөбекжайдағы туризм» Н.Тұяқов (Жәнібек ауданы), «Лонгбук- баланың жеке қабілеттері мен потенциалын дамытудағы тиімді құрал» М.Хамиева (Ақжайық ауданы), «Мега АРТ» В.Тулекова (Сырым ауданы), «Мектеп жасына дейінгі кіші туризм бағытында ойналатын жалпы дамыту ойындары» А.Қожахметова (Орал қаласы), «Модельдеу лабораториясы» Д.Рыскалиева, М.Жагпарова (Орал қаласы), «Интеллектум» ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту» В.Туресаева, Г.Қабасинова (Орал қаласы), «Музыкотерапия «Ностальгия» Е.Шандыров (Тасқала ауданы) тақырыптарында баяндама жасап, шеберлік сыныптарын көрсетті.

Бастауыш білім беру бойынша «Бастауыш сынып мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру  бағдарламасы бойынша педагогикалық шеберлік орталығына» мектептен тартылған тренері Б.Габбасова «Тұлға қалыптастыруда құндылықтар негізінде білім беру», А.Муканбеткалиева (Казталов  ауданы) «Бастауыш сынып білім алушылардың логикалық ойлауы мен оқу сауаттылығын қалыптастыру жүйесі», А.Акишева (Жәнібек ауданы) «Бастауыш сыныппен орта буын арасындағы сабақтастық білім берудің негізгі кепілі», А.Нагиева (Тасқала ауданы) «Білім сапасы: мақсат және нәтиже», Ж.Жұбанова (Бәйтерек ауданы) «Оқу-тәрбие жүйесін әдістемелік тұрғыдан бақылау және басшылық ету» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру және ШЖМ бөлімінің басшысы А. Бексултанова шағын жинақты мектептер бөлімі секциясында қатысушыларды 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік хатымен таныстырып, жаңа оқу жылының міндеттері мен пилоттық жобаларды, тірек мектеп пен магниттік мектептердің білім алушыларының оқу сессияларының өткізілу сапасын талқылады. Тасқала ауданы Ақтау МББК директоры Б.Иргалиева «Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында  жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Теректі ауданы АББ шағын жинақты мектептер бойынша әдіскері «Мобильді мектеп» жобасының тиімділігі» тақырыбында жобаның педагог кадрлардың тапшылығы мәселесіндегі жетекші ролі туралы айтты.

Секциялық жұмыс соңында жаңа оқу жылына білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылданды. Оқу жылының қорытындысы бойынша үздік танылған педагогтерге «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттар табысталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры