Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің облыстық съезі

15.03

2022 жылдың 10 наурызында Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы №50 «Заңғар» бөбекжай базасында «Әдістемелік қолдау педагогтің кәсіби өсуінің ресурсы ретінде» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің облыстық съезі өтті.

Съездің негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру болып табылады.

Әдістемелік шараға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, (мемлекеттік, жеке) мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Съезд барысында бөбекжай бүлдіршіндері сазды сәлемдемесін жолдаса, Білім басқармасы басшысының орынбасары С.Темірғалиева алғы сөз алып, қатысушыларға шараның сәтті өтуіне тілегін білдірді.

Шараның ақпараттық аланыңда Көкшетау қаласында өткен «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістері, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы Республикалық съезд қатысушыларына сөз беріліп съезд туралы ақпараттарын ұсынды.

«Мектепке дейнгі ұйымды мемлекеттік аттестациялау:өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен анықтаманың жазылу тәртібі» тақырыбында  Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Н.Ғұмарова, «Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы» Ақжайық ауданы «Балбөбек» бөбекжайының әдіскері С.Сиражева, «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психолог жұмысының ұйымдастырылуы» Орал қаласы №17 «Родничок» бөбекжайының педагог-психологі С.Хайруллина, «Заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар» Орал қаласы №50 «Заңғар» бөбекжайының әдіскері А.Зулкашева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, баяндама жасады.

Съезд қатысушыларын тәжірбие алмасу алаңдарына бөліп, «Интеллектуалдық ойын көрінісі – робототехниканың мүмкіндігін қолдану», «Асық - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту құралы», «Балалардың дене қимылын дамытуда дәстүрлі емес  құралдарды қолдану», «Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы», «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда Марблс тастарын дәстүрлі емес ойын әдістерінің бірі ретінде қолдану», «Мектеп жасына дейінгі білім беру үдерісіне 4К моделін тиімді кіріктіру жолдары», «Смарт мақсат – нақты нәтиже», «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жүйесін әдістемелік тұрғыдан бақылау және басшылық ету», «Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты ұйымдастыру» тақырыптарында коучинг, шеберлік сыныптары өткізілді.  

Съезд жұмысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастығы және басқа да мәселелер жан-жақты талқыланды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің съезд жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруды әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру.
  2. Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік аттестациядан өту бағытындағы дайындық жұмыстарын жүргізуді, өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен анықтаманың жазылу тәртібінің сақталуын қатаң басшылыққа алу.
  3. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыстарын жүйелі жүргізуді қадағалау.
  4. Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
  5. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды кеңінен қолдану.

         Шара соңыңда қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейтесті сауалдарына жауап алып, ұсыныстарын жеткізді.

           Әдістемелік шара аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен (кестеге сәйкес) жалғасын табады.

Республикалық съезд қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы бойынша өткізілетін әдістемелік отырыстардың кестесі

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПЕДАГОГТЕРІ СЪЕЗІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Заттық – кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар» А.А.Зулкашева

ГОСУДАРСТВЕННАЯ АТТЕСТАЦИЯ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ

ЗАМАНАУИ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ: ҮРДІСТЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, КЕЛЕШЕГІ

Мектеп жасына дейінгі білім беру үдерісіне 4 К моделін тиімді кіріктіру жолдары

«SMART мақсат-нақты нәтиже» Сагидуллина А.М.

«Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы»

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ

“Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу тәрбие жүйесін әдістемелік тұрғыдан бақылау және басшылық ету” В.С.Торемуратова

Интеллектуалдық ойын көрінісі-Робототехниканың мүмкіндігін қолдану ТҮЙМЕБАЕВА А.К.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры