Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Мектебімізге 10 жыл!

22.10

Биыл мектебіміздің, яғни А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының ашылғанына 10 жыл толды. Осыған орай 10 жылдық мерейтойымыз аталып өткен еді. Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар, қала мектептерінің директорлары, қалалық білім беру басқармасы қызметкелері, мектептің бұрынғы түлектері, білім ұясының қазіргі жетістіктеріне куә болып қуанышқа кенелді. Іргетасы 2006 жылы қаланған № 34 білім ордасында алғашқы оқушыларды қабылдаған ұстазСәуле Сәлекенқызы мектеп тарихын әңгімелеп, сол жылдарды жылы еске алды: 

«Мектеп ашылған күндерге дейін балалар келгенше есік алдындағы әсем гүлдер мен ағаштарды кезекпен бағып, сақтадық... Бұл мектептің ашылуына барлық шағынаудан тұрғындары мен балалар қатты қуанды. Осы мектеп түлектерінің жетістіктері - біз үшін үлкен мақтаныш. Мектебіміздің, шәкірттеріміздің жетістіктерін естіп, менің де мәртебем бір көтеріліп, марқайып қаламын, » -дейді ардагер ұстаз.
Осындай ұлағатты ұстаздар еңбек еткен білім ұясында өскелең ұрпақ тәрбиеленуде.
«Білімге деген құштарлығымды оятқан, жақсы тәрбие берген мұғалімдеріме үлкен рахмет»,- дейді - 2009-2010 оқу жылынын үздік аттестат иегері Бересов Айтас.
Сол күнгі ән-шашу мен қалықтаған әсем ән, мың бұрала билеген қыздардың өнерін тамашалаған қонақтар мектеп-гимназияның алда әлі талай асуларға қол жеткізіп, биік шыңдардан көрінетініне сенім білдіріп, өз тілектерін айтты. Осы мектепте ашылған сәттен бастап қызмет етіп келе жатырған ұстаздар марапатталды.
























Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры