Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

«Сенімділік күш береді»

28.09

       Білім басқармасының ұйымдастыруымен ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындық барысында 2016 жылдың 27 мамыр күні сағат 10.00-де 11-сынып оқушыларына  «Сенімділік күш береді» атты семинар – тренинг өткізілді.

Семинар – тренингке 11 сынып оқушылары қатысты.  Мектеп психологы М.Мендыбекова семинар-тренингтің  мақсатымен міндеттерін таныстырып өтті.

Мектеп психологы М.Мендыбекова оқушыларға стрестік жағдайдан арылту, сенімділікке үйрету мақсатында  «Сенімділік»  жаттығуын жүргізді.

Түлектеріміз өздерінің «жағымды» және «жағымсыз» қасиеттерін ақ параққа  жазып, «жағымды» қасиеттері жазылған парақтарын өздеріне қалдырып, «жағымсыз» қасиеттері жазылған парақтарын жыртып, қоқыс жәшігіне салды.

Екінші өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу мақсатында «Мен неден қашамын» жаттығуы жүргізілді. Кейбір оқушыларымыз жауап беруге қиналды, ал кейбіреулері сенімді түрде «мен еш нәрседен қашпаймын!» - деп жауап берді. 

Үшінші жүйке –психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру мақсатында «Суретті аяқта да жалғастыр» жаттығуы жүргізілді.

Оқушылар өздерінің ойларымен бөлісті, әр қайсысына өз суреттері ұнады.

Төртінші «Мен өзімді қалай мақтаймын...» жаттығуы жүргізілді. Оқушылар өздерін не үшін, қалай мақтай алатындарын айтып өтті.

Тренинг жаттығу жүргізіліп болғаннаң кейін түлектерімізге «ҰБТ уақытында өзіңді қалай ұстау керек»  жөнінде психологиялық кеңестер мен аффирмациялар   айтылды.

         Семинар – тренингімізді «Ақ тілектер» жаттығуымен аяқтадық. Түлектер бір-біріне өздерінің тілектерін жеткізді, сәттілік тіледі. Оқушыларға арналған жадынамалар таратылды.

Орындаған

М.Мендыбекова

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры