Меню KDT
logo.png?_=1461839355
Социальная сеть западно-казахстанской области
ru kz en
Новости

Білім күні

09.09

Сағынышқа, шаттыққа толы ««Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты алғашқы қоңырау мерекесі салтанатты түрде ашылды. Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық. 2016 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ екені айтылып, 1 сыныпты білім әлеміне жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Тулеуова Райхан Конилқосқызы бастап ортаға алып шықты. Салтанатты жиынның ашылу құрметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілді.Ту енгізу құрметіне мектеп үздіктері Адилов Нұрәділ, Гайнуллин Досымжан, Ибраимов Жамиль ие болды. ҚР Мемлекеттік Гимны орындалып,Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жарияланды. Өз кезегімен 1 - қыркүйек білім күні мерекесіне құрметті қатысып отырған қонақтарымызбен таныстырылды. Жаңа оқу жылымен құттықтау үшін мектеп директоры Дишенова Лунаргуль Наурызбайқызы сөз алып, өз тілегін жолдады. Мектеп оқушыларының би композициясы ұсынылып, «Тәуелсіздік -менің байтақ Отаным», «Конституция-кемелдік кепілі», «РИО олимпиадасы жүлдегерлерін мақтан тұтамыз!» деп ұрандап, Патриотпыз елімізді сүйетін Отан үшін отқа да ыстық күйетін,-деп патриоттық сезімдерін жария етті. Бүгінгі мерекенің қуанышы мен шаттығын бөлісуге және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдергелі отырған қонақтарымызға сөз кезегі берілді. Қонақтарымыздың тілектерін «Алтын ұям мектебім» әнімен мектебіміздің жас әншісі Уахит Нұрсултан жалғастырды. Киелі шаңырағымызда жыл сайын жас мамандар қатары толығуда. Білім бәсекелестігінде өз біліктілігімен танылған биылғы жылы біздің мектебіміздің ұстаздық жолын бастағалы тұрған жас мамандарды қошеметпен ортаға шақырылып, құрмет көрсетілді. Жас ұстаздарға сәт сапар тілеп құттықтау үшін сөз ардагер ұстаз Дауешова Қымбат Дауешовнаға берілді. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан оқушыларды, жетістікке жеткен ұстаздарды және «Мектепке жол» акциясы демеушілеріне мектеп директоры Дишенова Лунаргуль Наурызбайқызы алғыс хаттар мен грамоталармен марапаттады. «Алтын ұя мектебім» әнін Уканова Ұлпан,Нарешов Сержан және Уахитов Нұрсұлтандай мектеп әншілері мектеп пен ұстазға деген құрметі мен сағынышын жеткізе отырып орындады. Мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегі беріліп, Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстазы Тулеуова Райхан Конилқосқызына қошемет көрсетілді. 1 сынып оқушыларының тақпақтары мен әнін тыңдап, кейін мектеп табалдырығын аттаған барлық қазақстандық бүлдіршіндерге Елбасы атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы тапсырылды. Алғашқы қоңырау соғу салтанатына мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған Ғалымгерейқызы Фатима мен 10 сынып оқушысы Серіков Бақытжан ие болып ,Алғашқы қоңырау соғылды. 2016-2017 оқу жылының «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жарияланып, алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сенім артып, бүлдіршіндерге Ақ жол тіледік. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз 2016 - 2017 оқу жылының «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы алғашқы сабағымен жалғасты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Е. Чукина.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
13.07.2016
0

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
13.07.2016
0
Партнеры